Едіге Егемберді ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Едіге Егемберді ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Kazinform.

ауыр атлет
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Мексикада өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Едіге Егемберді жеңіс тұғырынан көрінді. Ол 81 келі салмақ дәрежесінде серпуде - 145, жұлқуда -191 келіні төбесіне көтерді.

Бұл қазақстандық спортшының чемпион атануына мүмкіндік ерді.

Екінші және үшінші орынға түркімениялық Гайгысыз Тораев пен грузиялық Георгий Асанидзе ие болды.

Әлем чемпионатында Едіге Егембердіден өзге тағы бір қазақстандық Петр Хребтов (67 келі) оныншы орынды місе тұтты.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Номадтың» шайбалы хоккейден Құрлық кубогы финалындағы қарсыластары анықталды.

Соңғы жаңалықтар