22:15, 07 Шілде 2025 | GMT +5
Едіге Емберді Азия чемпионатында қос рекорд орнатып, алтын иеленді
АСТАНА. KAZINFORM — Ауыр атлетикадан Астана қаласында өтіп жатқан жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында талантты спортшымыз Едіге Емберді топ жарды.

Негізгі бәсеке тек үш спортшының арасында өрбіді. Ересектер арасында Азия чемпионатының төртінші орын иегері Хайитбой Абдушукуров, былтыр әлем рекордын жаңартып, 73 келідегі чемпион атанған Ақжол Құрманбек және жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Едіге Емберді соңына дейін өзара күш сынасты.
Нәтижесінде Едіге Емберді серпе көтеру және қос сайыстың қорытындысында екі бірдей Азия рекордын жаңартып, чемпион болды.
79 келі. 14 қатысушы:
- Едіге Емберді – 347 келі (153+194)
- Ақжол Құрманбек – 343 келі (151+192)
- Хайитбой Абдушукуров – 337 келі (152+185)
Едіге Емберді бұған дейін, 2024 жылы да жастар арасында әлем рекордын жаңартып, Азия чемпионы атанған еді.