«Единая Россия» партиясы Қазақстанның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевты толық қолдайды

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясы алдағы Президенттік сайлауда Қазақстанның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевты толық қолдайды.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының XIII съезінде РФ Федералдық жиынының Мемлекеттік думадағы «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясы фракциясы төрағасының бірінші орынбасары Владимир Пехтин айтты.

Тәуелсіз мемлекеттің Президенттік сайлауына өздерінің ықпал етуге қақысы жоқ екенін баса айтқан ол: «Дегенмен біз жан-жүрегімізбен Қазақстанның ұлттық көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтын боламыз», - деді.

Сонымен қатар В.Пехтин «Нұр Отан» мен «Единая Россия» партияларының екі елдің нық тірегі болып табылатындығын атап өтті.

«Егер сайлауға қатысуға мүмкіндік болып, бұл жағдайға әсер етуге жағдай болғанда, онда «Единая Россия» өз көшбасшысы Владимир Путиннен бастап Ресейдегі бірнеше миллиондаған жақтастары біздің дәуіріміздегі данагөй саясаткерге, қазіргі Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа дауыс берер еді деп кәміл сеніммен айтар едім», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар