ЕЭК алқасы табыстың ізін жасыруға қарсы тұру саласында ақпарат алмасу туралы келісім жобасын мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссияның алқасы қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға (ақшаның ізін жасыруға) және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақшалай қаражаты және (немесе) ақша құралдарының жылжуы кезінде лаңкестікті қаржыландыруға қарсы тұру саласында ақпарат алмасу туралы келісім жобасын мақұлдады, деп хабарлайды БЕЛТА.
None
None

Жоба қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға (ақшаның ізін жасыруға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы тұру мақсатында ЕАЭО мүшелері үкіметтері белгілеген органдар арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақшалай қаражаты және (немесе) ақша құралдарының ауысуы кезінде «Қолма-қол ақша және (немесе) ақша құралдарының декларациясы» жолаушылардың кедендік декларациясының қосымша формулярында мәлімделген мәліметтермен өзара іс-қимылда алмасуды жүзеге асыруды қарастырады.

ЕЭК-тың мәліметтерінше, ақшалай қаражаттардың және (немесе) ақша құралдарының ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы ауысуы туралы ақпарат алмасу ЕАЭО-ға мүше елдердің тиісті мәліметтер базаларын құруға жауапты органдарының сұрауы бойынша жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар