ЕЭК алқасы үшінші елдермен саудада техникалық кедергілерді жою туралы келісім жобасын мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі мен шарттары туралы келісім жобасын мақұлдады, деп хабарлады БЕЛТА-ға ЕЭК баспасөз қызметі.
None
None

Құжатта одақпен өзара саудада техникалық кедергілерді жою мақсатында үшінші елдермен халықаралық шарттар жасалатыны белгіленген. Шарттар бірқатар шарттар болғанда ғана жасалуы мүмкін: олардың арасында - ЕАЭО-да айналымға шығарылатын өнімдердің одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету; үшінші елдер аумағына айналымға шығарылатын өнімдердің үшінші елдердің заңнамаларына сәйкес белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету; одақтың техникалық регламенттері белгілеген міндетті талаптардың және үшінші елдер заңнамасымен белгіленген талаптардың экиваленттілігі дәрежесін белгілеу; үшінші елдерде үшінші елдердің заңнамасына сәйкес құзіретті деп танылған аккредитация жөніндегі органның болуы және аккредитация саласындағы халықаралық талаптарға сәйкес сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредитация жасайтын органдардың болуы сияқты шарттар көзделген.

Келісім жобасы ЕАЭО елдеріне ішкімемлекеттік келісу өткізу үшін жолданатын болады. Одақтың мүше-мемлекеттері 2016 жылғы 1 тамызға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға келісім жобасын ішкі мемлекеттік келісу жүргізу нәтижелері туралы хабардар етуі тиіс. 

Соңғы жаңалықтар