ЕЭК: Экспорт - ЕАЭО-ның әлемдiк экономикадағы ең әлсiз тұсы

«ЕАЭО-ның әлемдiк экономикадағы көрсеткiштерiмен салыстыратын болсақ, ең әлсiз тұстар экспортта екенiн көремiз. Әлемдiк өнеркәсiптегi қосалқы құн үлесi 3,6 пайызды ғана құрайды, әлемдiк өңдеушi қосалқы құн үлесi - 2,7 пайыз, ал өңдеушi өнеркәсiптiң экспорттық өнiмiндегi үлесi 1 пайызға да жетпейдi», - деп атап өттi ЕЭК департаментiнiң директоры.
Алайда, В. Мальцевтiң айтуынша, әлемдiк экономикадағы және қаржылық сектордағы өзгерiстер экспорттың дамуына оң ықпал етіп отыр.
«Дегенмен, энерготасымалдағыштардың құны күрт төмендегендiктен және ұлттық валюталардың девальвациясынан кейiн жағдай бiздiң экспортты бәсекеге қабiлеттi ете түстi. 2014 жылы экспорттың жағымды көрсеткiштерiне қол жеткiзе алдық. Бiздiң елдердiң әлеуетiн жұмылдыра отырып, осы оң өзгерiстердi сақтап қалуымыз керек», - дедi ол.
В. Мальцевтiң ойынша, экспорт шикiзаттық емес секторда дамуы тиiс. Ол үшiн үкiмет өнеркәсiптiк жобаларға жан-жақты қолдау жасап, шетелге шығудың жолдарын қарастыруы қажет.