ЕЭК Кеңесі Қазақстанға жүк көліктері мен көлік тіркемелерін әкелуді жеңілдететін шешім қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ЕЭК Кеңесінің кезекті отырысында «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы» Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №877 шешіміне өзгерістер енгізілді, деп хабарлады ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметінен.
None
None

ЕЭК Кеңесі Қазақстанға жүк көліктері мен көлік тіркемелерін әкелуді жеңілдету шешімін қабылдады.

28 мамырда Астанада өткен ЕЭК кезекті отырысында «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы» Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №877 шешіміне өзгерістер енгізілді. Өзгерістер халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшінші елдерден импортталатын N3, О3 және О4 санатындағы көлік құралдарын әкелу проблемасын шешу мақсатында қабылданды.

Атап айтқанда, Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес жеке тұлға көлікті (оның ішінде шығарылғанына 3 жыл болмаған) әкелу кезінде бұл көліктер дара көлік құралына жатады және олардың сәйкестігін растау көлік құралдарының конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік берумен жүзеге асырылады. Егер 3 жыл болмаған көлікті заңды тұлға әкелсе, онда ол дара көлік құралына жатпайды, көлік құралының түрі мақұлдау рәсімінен өтуі тиіс. Қазақстанда халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын компанияларда шығарылғанына үш жыл болмаған, үшінші елдерден импортталатын көліктерді айналымға шығару проблемасы туындап, күрделі жағдай қалыптасты. Жеке импортталатын жаңа көлік құралдарына қатысты айтар болсақ, түрді мақұлдау формасында сәйкестігін бағалау сынақтың көптігінен техникалық жағынан мүмкін емес. Өзгеріс регламентке сәйкес Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясында берілген N3, О3 және О4 санатты көлік түрлерін мақұлдаудың ҚР аумағына тікелей әсерін көздейді. Мұндай құжаттардың (2016 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей) олардың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін тікелей әрекеті болады. Бұл ретте Беларусь Республикасында, Ресей Федерациясында берілген түрді мақұлдау құжаты бойынша ҚР аумағына айналымға шығарылған көліктердің саны 2100 бірліктен аспауы тиіс.

Бұдан басқа, ЕЭК отырысында КО техникалық регламентін әзірлеу, қабылдау, өзгерістер енгізу, жою тәртібіне өзгерістер енгізу шешімі қабылданды. ЕЭК Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы №48 шешімі КО техникалық регламенті оны қабылдаған күннен бастап алты айдан кейін күшіне енетіні туралы нормалары бар Ережемен толықтырылады. Өзгерістер техникалық регламенттер күшіне ену үшін ақылға қонымды мерзімді қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында Қазақстанның ДСҰ-ға кіру аясында енгізілді. Сонымен қатар 2015 жылғы 25 мамырда Бурабай кентінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысында сынақтар нәтижелерін өзара тану туралы келісімге қол қойылды.

Осылайша, бизнеспен жұмыс жеңілдетілмек. Өйткені өлшем бірлігі ТМД-ға мүше мемлекеттер арасындағы метрологиялық қызметтер саласындағы келісілген саясатқа ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар