ЕЭК Кеңесі ЖЕЭК-ның кезекті мәжілісінің күн тәртібін талқылады

Айтап айтқанда, қазақстандықтар тарапынан көтерілген Қазақстанның аумағына жеткізілетін ванадий-алюминий лигатурасына тарифтік жеңілдік беру мәселесі мақұлданды. Бұл шара өз кезегінде өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін қажетті шарттарды қалыптастырып, аталған өнім түрін шығаратын отандық өнім өндірушілердің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Сонымен қатар, ЕЭК Кеңесінің мүшелері Өнеркәсіп кооперациясы мен субконтракцияның еуразиялық желісін қалыптастырудың Тұжырымдамасын бекітті. Тұжырымдама талаптары бойынша субкелісімді тапсырыстарды жеткізетін әлеуетті серіктестерді іздестіретін шешуші ақпараттық және интеграциялық ресурс ретінде ұйымға мүше елдердің бірыңғай деректер реестрлер базасында еуразиялық желі қалыптастыру көзделген.
Мәжіліске қатысушылар ЕАЭК-ке мүше мемлекеттердің Одақтың кедендік аймағына кіргізілетін тауарларына қатысты ақпараттарды ЕЭК-на жеткізіп отыру тәртібін қарады. Мұндай ынтымақтастық стастикалық мәліметтерге деген қолжетімділікті қамтамасыз етіп, «бестікке» мүше елдердің өнім өндірушілерінің мүдделерін ескеруге қатысты шараларды дер кезінде қабылдағуа ықпал етеді.