ЕЭК өкілеттілігі өзара іс-қимылдың тек қана экономикалық саласына қатысты болуы тиіс - ҚР Президенті

МӘСКЕУ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ұлтүстілік өкілдіктерді мемлекет және үкімет басшылары деңгейінде Жоғары Еуразиялық кеңеске беру туралы ұсыныс тиімсіз. Бұл туралы Мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

Отырыс барысында Н.Назарбаев болашақ Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру мәселелері бойынша бірқатар ескертпелер айтты.

«Ұлтүстілік өкілдіктерді мемлекет және үкімет басшылары деңгейінде Жоғары кеңеске беру сынды ұсыныс тиімсіз», - деп мәлім етті Мемлекет басшысы.

«Комиссия өкілеттік берілген ұлтүстілік орган. Оның өкілеттілігі қол қойылған келісімшарттар және келісімдермен нақты реттеледі әрі тек қана экономикалық салаға қатысты», - деді ҚР Президент.

Н.Назарбаев ел басшылары Бірыңғай еуразиялық кеңестің мүшелерін тағайындайтынын, стратегиялық және ұйымдастырушылық тапсырмалар беретінін, келісімшарттарға қол қоятынын, ал комиссия оларды орындайтындығын атап өтті. «Осындай құрылымды сақтау қажет», - деді Елбасы.

«Сонымен қатар мен Одақтастық туралы келісім мүше мемлекеттердің басқа елдермен және ұйымдармен халықаралық келісімшарттарын қозғамауы тиіс деп есептеймін»,- деп қосты ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар