ЕЭК өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар халықаралық шарт дайындап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссия еуропалық экономикалық одақта өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар халықаралық шарт дайындап жатыр. Бұл туралы ЕЭК техникалық реттеу бойынша Коллегия мүшесі (министр) Валерий Корешков Минскте өткен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің алғашқы отырысында мәлім етті, деп хабарлады БЕЛТА комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Мұнда төмендегідей шарттар жөнінде сөз болып отыр: мемлекеттік бақылау саласындағы ұлттық заңнамалардың үйлесімділік принциптері туралы; біріңғай техникалық регламенттерде талаптары бекітілмеген өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы; үшінші елдермен өзара сауда кезінде техникалық кедергілерді жою туралы шарттар.

ЕЭК министрінің сөзіне қарағанда, үздік халықаралық және ұлттық тәжірибелер негізінде одақ мемлекеттерінде нарықты бақылауда бірыңғай шараларды пайдалану оның тиімділігі мен айналымдағы өнім қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар