ЕЭК тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу және әкету ережелерінің 19 жобасын дайындады
Атап айтқанда, адам ағзалары және (немесе) ұлпалары, қаны және оның компоненттері, биологиялық материалдар үлгілерін; минералдық шикізатты; жабайы тірі жануарлар, жекелеген жабайы өсімдіктер және жабайы өсетін дәрі-дәрмек шикізатын ;сирек кездесетін және жоғалу қаупі төніп тұрған жабайы тірі жануарлар және ЕАЭО мүше мемлекеттері қызыл кітаптарына енген жабайы өсімдіктерді; қауіпті қалдықтарды; мәдени құндылықтар, ұлттық мұрағат құжаттарын; шифрлау (криптографиялық) құралдарын; есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорларын; азаматтық және қызметтік қару, оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен оның патрондарын; минерология, палеонтология бойынша коллекциялық материалдарды, қазып алынған жануарлар сүйектерін; ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелу және әкету жобалары әзірленді. Сондай-ақ өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтер); есірткі заттар мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттарды; азаматтық нысанадағы радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар, сонымен бірге басқа тауарларға кіріктірілген не болмаса құрамына кіретін заттарды; асыл тастарды; асыл металдар және асыл металдан тұратын шикізат тауарларын; емдік дәрі-дәрмектерді; отын-энергетикалық және минералдық шикізат кен орындары және аудандар бойынша жер қойнаулары туралы ақпаратты; озон қабатын бұзушы заттардан тұратын өнімдердің озон қабатын бұзушы заттарды тасымалдау туралы Ереже жобасы дайындалды. ЕАЭО туралы Шарттың үшінші елдерге қатысты Тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамасының күшіне енуіне орай үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын Бірыңғай тауарлар тізбесінің жобасы да әзірленді. Ереже жобаларын талқылау бойынша жиналыстар топтамасы 2015 жылғы ақпан-сәуір айларында Мәскеу қаласында өтеді, деп хабарланған ҰКП ресми сайтында.