ЕЭО мен БАӘ алдағы айларда еркін сауда туралы келісімге қол қояды

АСТАНА. KAZINFORM – Біріккен Араб Әмірліктері мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) екі-үш айдың ішінде еркін сауда аймағын құру туралы келісім жасасуы мүмкін.

ЕЭО мен БАӘ алдағы айларда еркін сауда туралы келісімге қол қояды
Фото: ThaniAlZeyoudi / x.com

Бұл туралы Әбу-Дабидегі ресейлік жәрмеңкенің ашылуында Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы сауда мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі Тани бен Ахмед әл-Зейуди мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Министрдің айтуынша, келісім бойынша жұмыс бір жарым жылға жуық уақытты алған. Оның айтуынша, еркін сауда аймағын құру тауар айналымының одан әрі өсуіне ықпал етеді. Әл-Зейуди БАӘ үкіметінде мемлекетаралық экономикалық келісімдердің дайындалуын қадағалайды. 

БАӘ мен ЕЭО арасында еркін сауда аймағы туралы келіссөздер 2023 жылдың наурызында басталды. Осы уақыт ішінде тараптар консультациялардың бірнеше раундын өткізді.

2024 жылдың желтоқсанында әл-Зейуди мен Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда министрі Андрей Слепнев экономикалық әріптестік туралы келісім жасау бойынша келіссөздер аяқталғанын жариялады.

Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда министрі Андрей Слепнев БАӘ мен ЕЭО арасындағы келісімді дайындау бойынша келіссөздер аяқталғанын мәлімдеген

Соңғы жаңалықтар