Эфиопияда көшкін салдарынан кемінде 70 адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM – Эфиопияның оңтүстігінде жауған нөсер жауын салдарынан көшкіндер пайда болып, кемінде 70 адам құрбан болып, шамамен 50 адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Azertag.
Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, апат Гамо аймағындағы Гача-Баба, Камба және Бонке аудандарында болған. Құрбан болғандардың басым бөлігі топырақ үйіндісінің астында қалған. Құтқарушылардың біреуін аман алып қалудың мүмкіндігі туды.
Елде жаңбыр маусымы жалғасып жатыр. Осы кезеңде сел мен су тасқыны жиі тіркеледі. Екі жыл бұрын оңтүстіктегі көкін салдарынан 229 адам қаза тапқан еді.
Соңғы күндері қатты жауын-шашын Шығыс Африканың басқа елдерін де қамтыды. Көршілес Кенияда өткен жұма күні Найробидегі қатты нөсерден ондаған адам қаза тапты.
Соңғы 20 жылда Шығыс Африкада экстремалды құрғақшылық пен қатты жауын-шашынның жиілеуі адам әрекетінен туындаған климаттың өзгеруімен байланысты болуы мүмкін екенін бірқатар зерттеулер көрсетіп отыр.
Осыған дейін Бразилияда лай көшкіннен 22 адам көз жұмғаны туралы жаздық.