23:45, 01 Қазан 2025 | GMT +5
Эфиопияда шіркеу ішіндегі ағаш тіреулер құлап, 22 адам мерт болды
АСТАНА.KAZINFORM – Эфиопия шіркеуінде тіреу ретінде қойылған ағаштар құлап, кмінде 22 адам мерт болып, 55 адам жарақат алған, деп хабарлайды Belta ресейлік ТАСС-қа сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Арерти елді мекенінде діни рәсім өтіп жатқан кезде болған.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, ауыр жарақат алғандардың біразы Эфиопия астанасы Аддис-Абебадағы ауруханаларға жеткізілген.
Билік өкілдерінің айтуынша, құлаған құрылыс қалдықтарының астында әлі де адамдар болуы мүмкін.
Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Осыған дейін Эфиопияда 400 мыңға жуық адам су тасқынынан зардап шеккені туралы жаздық.