11:47, 08 Шілде 2016 | GMT +5
Егде адамның бетпердесін киген спортшы бодибилдерлерді алдады (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кроссфитпен айналысатын спортшы Кеннет Леверик (Kenneth Leverich) бодибилдер жігіттермен қалжыңдасты, деп хабарлайды Lenta.ru.
К.Леверик өз бетіне егде қарттың гримін жасап, спортшылар жаттығатын жерге барды. Өзін кәрі шал деп қабылдағанына көзі жеткен соң, жігіттердің зілтемірін көтеріп көруді сұрайды.
Бодибилдерлер «зейнеткердің» өтінішін аяқасты етпеді, ал қарт бейнесіндегі К.Леверик өзінің күшімен, епті қимылымен көпшілікті таң қалдырды. Пранк YouTube желісіне жарияланды.
Кроссфит - барлық жаттығулар айналу кезінде орындалатын жоғары қарқынды, интервалды жаттығу.