15:54, 30 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Егемен Қазақстан» газетінің барлық сандарының электрондық нұсқасы жасалады ? М. Құл-Мұхаммед
АЛМАТЫ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыда жұмыс сапарымен жүрген Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед журналистерге берген бүгінгі сұхбатында «Егемен Қазақстан» газетінің барлық сандарының электрондық нұсқасы шығатындығын мәлімдеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Биыл «Егемен Қазақстан» газетінің шыққанына 90 жыл толғалы отыр. Осы мерейтой қарсаңында басылымның 1919 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін шыққан барлық сандарының түгелдей электрондық нұсқасы жасалынады. Осы арқылы біз ғасырға жуық уақыт аралығында жинақталған газет тігіндісін ақтарып отырмай-ақ, қажетті материалды компьютерде іздеп оңай тауып аламыз. Бұл шара алдағы екі-үш ай көлемінде жүзеге аспақ. Бұған дейін, қазақтың зиялылары шығарған «Қазақ» газетінің, «Абай» журналының осындай электрондық нұсқасын жасаған болатынбыз. Жалпы, кітапхана қорын, ондағы кітаптарды сандық жүйеге көшіретін уақыт келді. Осы мақсатта алдағы уақытта көптеген істер атқарылатын болады», деді М. Құл-Мұхаммед.