Егер біз әлемдегі қадір тұтып, құрметтейтін мәртебелі ұлтқа айналамыз десек, біздің мақсаттарымыз жоғары болуы керек - Елбасы

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік жылдарында мемлекет ғылым саласының дамуына барынша көңіл бөлді. 20 жыл ішінде ғылыми мекемелердің желісі елде 1,6 есеге артты. Нәтижесінде бүгінде елімізде 400-ден астам мекемелер мен орталықтар және өзге де құрылымдар бар. Бұл туралы Қазақстан ғалымдарының форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

«Біз ұлттық ядролық орталық құрып, Ұлттық ғылым академиясының барлық жүйесін қайта құрылымдадық. Университеттік ғылымның рөлін арттырдық. Яғни, біз бүкіл әлем кетіп бара жатқан жолға түсеміз.

Бізге бүгін бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің академиктері қалай әрекет етеді деп салыстырудың қажеті жоқ. Ол жүйе біз үшін үлгі бола алмайды. Бізде қазір жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көлемі шамамен 11 мың АҚШ долларына тең келеді. Бұл Кеңес Одағынан шыққан ешбір мемлекетте жоқ көрсеткіштер. Егер біз әлемдегі қадір тұтып, құрметтейтін мәртебелі ұлтқа айналамыз десек, біздің мақсаттарымыз жоғары болуы керек»,-деді Президент.

Сондай-ақ Президент сөзінде өткен жылдан бері Астанада «Назарбаев университеті» халықаралық зерттеу мекемесі жұмыс істей бастағандығын және оның әлемдегі жетекші ғылыми орталықтармен тығыз қарым-қатынаста екендігін атап өтті.

«Мен өмірімде бірінші рет осы оқу орнына өзімнің атымды беруге рұқсат еттім. Алдағы уақытта еліміз бойынша дарынды балаларға арналған 20 зияткерлік мектеп ашылады. Олардың бірқатары бүгінгі күннің өзінде сәтті жұмыс істеуде және олар жаңа университеттер үшін база болып қалмақ. Менің Жолдауым бойынша елде 9 технопарк мен 5 ұлттық және 15 аймақтық зертханалар және 9 венчурлық қорлар мен 3 конструкторлық бюроның жұмысы жолға қойылды. Еліміздің кез-келген ғалымдары мен өнертапқыштары осы мекемелердің қызметін қалаған уақытында пайдалана алады. Сонымен қатар ғылыми қызметті басқарудың жаңа үлгісі қалыптасты. Білім және ғылым министрлігінен Ғылым жөніндегі комитет пен мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптау жөніндегі орталығы құрылды»,-деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар