Егер нақты бір бағытқа ғана көбірек көңіл бөлу керек болса, мен қауіпсіздік мәселесін атар едім - Қуаныш Сұлтанов

МАТЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазір қауіпсіздік елімізде ғана емес, аймақтық аспектіде де барынша көкейкесті мәселе болып отыр.
None
None

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет төрағасы Қуаныш Сұлтанов бүгін Алматыда өтіп жатқан "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл: жетістіктері мен келешегі" деп аталатын дөңгелек үстел жиынында осылай айтты.

«Қазақстан өткен 20 жылда мемлекет ретінде қалыптасты. Қазір біз қол жеткізіп отырған барлық жетістіктер бойынша тәуелсіздікке қарыздармыз», - дейді сенатор Қ. Сұлтанов. Саясаттану ғылымы докторының айтуынша, бұл жетістіктерді мақтаныш үшін емес, сақтап қалу үшін айту керек. Оны бір сәтте жоғалтып алуға болады. Қазір әлемде жаңа қауіптер шығып отыр. Мәселен бүгінде лаңкестікте қарсы күрес бір елден ғана емес, бүкіл әлемнен қауіптенетін ғаламдық мәселе болып отыр. Елімізде соңғы уақытта орын алып жатқан лаңкестік оқиғалар соның нақты айғағы. Мемлекет азаматтардың еркіндігі мен құқығын қамтамасыз ете отырып, оның сақталуы үшін заңдар қабылдайды. 20-30 жыл бұрын ешкім лаңкестер тарапынан соғыс жарияланады деп ойлаған жоқ. Қазір бұл соғыс жүріп жатыр. Сондықтан қоғам мен мемлекет қауіпсіздігі үшін түрлі іс-шаралар қабылданады.

Соңғы жаңалықтар