Египетте үш айға төтенше жағдай жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Египет президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси 40-тан аса адам қаза тапқан христиандар шіркеуіндегі екі жарылыстан кейін елде үш ай мерзімге төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
None
None

Жексенбіде Танта қаласындағы шіркеуге діни мерекеге келген 27 адам алғашқы жарылыста қаза тапты. Тағы 16 адам Александриядағы ғибадатханадағы жарылыста ажал құшты. Олардың қатарында жанкештіге шіркеуге кіруге кедергі жасаған бір полицей де бар.

Еске сала кетсек, христиан-коптар Мысыр халқының 10 пайызын құрайды.

Соңғы жаңалықтар