18:51, 28 Қараша 2011 | GMT +5
Египеттегі наразылық шерулері барысында зардап шеккен қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ
ТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Египеттегі наразылық шерулері барысында зардап шеккен қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Соңғы аптада Каир қаласының Тахрир майданы мен сол алаңға жақын көшелерде орын алған исламшыл күштердің, әсіресе мұсылман бауырлары мен радикалды салафиттердің ұйымдастыруымен Үкіметке қарсы шерулер өтіп жатқандығы белгілі. Өкіншке орай, шерушілер мен құқық қорғау органдарының арасындағы қақтығыстың салдарынан бірнеше адам қаза тауып, бірнеше адам жарақаттанған. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Каирдегі Елшілігінің ресми ақпаратына сүйенсек, қақтығыстар кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ», - деді ресми өкіл.