Египеттегі турнирдің алғашқы күнінде қазақстандық балуандар 7 медаль алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Египеттің Александрия қаласында күрес түрлерінен рейтингтік турнирдің алғашқы күнінде грек-рим күресінен қазақстандық балуандар 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ибраһим Мұстафа жүлдесіне арналған халықаралық турнирде 55 келі салмақта үздік үш орынды қазақстандық Аманғали Бекболатов, Марлан Мұқашов, Исхар Құрбаев өзара бөлісті.

Тағы бір алтын жүлдені Мерей Бекенов (67 келі) алса, екінші күміс медаль Ернар Фидахметке (60 келі) бұйырды.

Сондай-ақ, «қолаға» Дастан Зарлыхан (63 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) қол созды.

Енді 24 ақпанда грек-рим күресінен 72, 77, 82, әйелдер күресінен 57, 62, 68, 76 келі салмақта жүлделер сарапқа салынады.

Ал 25 және 26 ақпан күндері әйелдер күресі және еркін күрестен балуандар сайысқа түседі.

Еске салсақ, бокстан «Странджа» кубогында қазақстандың екі боксшы 1/4 финалға шықты.

Сурет: Біріккен күрес әлемі (UWW)


Соңғы жаңалықтар
telegram