Египеттегі турнирдің екінші күні қазақстандық үш балуан жүлделі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Египеттің Александрия қаласында күрес түрлерінен рейтингтік турнирдің екінші күні қазақстандық балуандар 1 күміс, 2 қола медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Ибраһим Мұстафа жүлдесіне арналған халықаралық турнирде грек-рим күресінен 77 келі салмақта Демеу Жадыраев күміс медаль алды.

Сондай-ақ, 72 келідегі Данияр Қаленов пен әйелдер күресінен 76 келідегі Эльмира Сыздықова турнирдің қола жүлдесін еншіледі.

25 және 26 ақпан күндері әйелдер күресі және еркін күрестен балуандар сайысқа түседі.

Еске салайық, Египеттегі турнирдің алғашқы күні қазақстандық балуандар 7 медаль алған болатын.

Сондай-ақ биыл сәуір айында Астанада ересектер арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтетінін хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар