06:19, 29 Қаңтар 2026 | GMT +5
Егіз алып панда Жапониядан Қытайға оралды
АСТАНА. KAZINFORM − Екі алып панда сәрсенбі күні Жапонияның Токио хайуанаттар бағынан Қытайға оралды. Жалға алынған пандалар 50 жылдан астам уақыттан кейін өз отанына қайтарылды, деп жазды Синьхуа.
Сяосяо мен Лэйлей есімді пандалар оңтүстік-батыс Қытайдың Сычуань провинциясындағы Чэнду әуежайына келіп, Қытайдағы алып пандаларды сақтау және зерттеу орталығының Яань базасына жеткізілді. Олар онда карантиннен өтеді.
Сяосяо мен Лэйлейдің анасы Чжэнрен мен оның серіктесі Лилиде 2024 жылдың қыркүйегінде Қытайға оралған. Сондай-ақ олардың үлкен әпкесі әйгілі Сяньшян Қытайға 2023 жылдың ақпан айында қайтарылды.

Бұған дейін саяси шиеленіске байланысты Жапония қытай пандаларын қайтаруға мәжбүр екенін жазған болатынбыз.