«ЕХРО-2017» көрмесінің елімізде өтетіні - зор мақтаныш, А.Салахатдинова, БҚО

Енді бұл көрменің өз елімізде өтетіні - зор мақтаныш. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасының бастығы Айгүл Салахатдинова мәлім етті.
Оның айтуынша, көрменің негізгі мақсаты - адамзаттың ғылыми-техникалық, технологиялық, экономикалық жетістіктерінің ашық бәсекелестігін көрсету, жаһандық проблемаларды шешу үшін беделді әлемдік алаң ұсыну, сондай-ақ әлем халықтарының тарихын, дәстүрін және мәдениетін көрсету.
Көрмеге қатысу ұлттық бизнесті қолдау, қоғамдық-саяси, экономикалық маңыздылығы жағынан мемлекеттің ұлы жетістігі болып табылады.
«ЕХРО-2017» бүкіләлемдік көрмесін қазақ елінің астанасында өткізу туралы тарихи шешім - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың құттықтау сөзінде аталып өткендей, «Қазақстан халқының күш-жігерінің жемісі».
Көрмеге ұсынылған тақырыптың өзектілігі - «Болашақтың энергиясы» біздің мемлекетіміз үшін маңызды.
«Халықаралық көрмені өткізу Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделін көтере түседі. Бұл еліміздің бұдан әрі экономикалық дамуына елеулі әсерін тигізеді, нақтырақ айтсақ, құрылыстың, аралас салалардың, туризм индустриясының, қызмет көрсету салаларының, халықаралық сауданың дамуына ықпал етеді», деді А.Салахатдинова.