12:03, 26 Қараша 2024 | GMT +5
Екі әскери лауазым иесі қызметінен босатылды
АСТАНА. KAZINFORM – Асан Жүсіпов пен Қуанышбек Үштаев Қазақстан қарулы Күштеріндегі лауазымдарынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды;
Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.