Екі боксшымыз Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Бокстан Қазақстан құрамасының атынан екі спортшы Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитет.

Екі боксшымыз Азия чемпионатының жартылай финалына өтті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Аида Әбікеева 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық боксшы Дильфуза Бековамен қолғап түйістірді. Нәтижесінде Аида қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, келесі айналымға өтті.

Ал, тағы бір қазақстандық боксшы Милана Сафронова (66 келіге дейін) қарсыласының жарыстан бас тартуына байланысты, жартылай финалға тікелей жолдама алды.

Айта кетейік, келесі жекпе-жек 7 желтоқсанда өтеді.

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында бесінші жарыс күні Қазақстаннан бес спортшы бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар