04:00, 06 Наурыз 2026 | GMT +5
Екі облыста көлік қозғалысы қайта жанданды
АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысы жанданғанын хабарлады.
— 2026 жылғы 6 наурыз сағат 04:00–де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады, — делінген хабарламада.
Абай облысы:
— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 967-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы — Шығыс Қазақстан облысының шекарасы).
Шығыс Қазақстан облысы:
— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 1013-1062 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы — Рубеж бекеті).
Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.
Айта кетейік, Қазгидромет бүгін Қазақстанның барлық 17 облысында дауылды ескерту жариялады.