03:16, 20 Наурыз 2026 | GMT +5
Екі облыста көлік қозғалысына рұқсат берілді
АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» мекемесі Павлодар және Абай облыстарында жол ашылып, көлік қозғалысына рұқсат берілгені туралы хабарлады.
2026 жылғы 20 наурыз сағат 03:30–да келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылады.
Павлодар облысы:
- «КХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 426-587 шақырым аралығы (Кенжекөл кенті — Абай облысының шекарасы).
Абай облысы:
- «КХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан — Калбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 587-733 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы — Семей қаласы).
Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.
Айта кетейік, ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды және Ұлытау облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.