Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты тағы үш облыста жол жабылғанын хабарлады.

метель, буран, зима, закрыта дорога, боран, қыс, жол жабық
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Абай облысы:

6 ақпан сағат 01:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі:

- «Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жетісу облысының шекарасынан Аягөз қаласына дейін)

- «Таскескен – Бақты (ҚХР шекарасы)» автожолының 0–75 шақырым аралығында (Таскескен ауылынан Үржар ауылына дейін)

Жолды 2026 жылғы 6 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Жетісу облысы:

2026 жылғы 6 ақпан сағат 01:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» автожолының 561-615 шақырым аралығындағы учаскесінде (Үшарал қаласынан Абай облысы шекарасына дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2026 жылғы 6 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Қызылорда облысы:

6 ақпан сағат 01:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автомобиль жолының 1806-2047 шақырым аралығында (Қызылорда қаласынан— Бесарық ауылына дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2026 жылы 6 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұған дейін ауа райына байланысты үш облыста жол жабылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар