Екі облыста жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

метель, буран, зима, закрыта дорога, боран, қыс, жол жабық
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

2026 жылғы 9 ақпан сағат 14:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі:

Абай облысы:

- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 1004-1103 шақырым аралығы (Көкпекті ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін).

Шығыс Қазақстан облысы:

- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 1103-1256 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасынан Зайсан қаласына дейін).

Жолды 2026 жылғы 10 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Айта кетейік, Абай мен ШҚО жолдарында қозғалыс күрделенуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар