Екі облыста жол жабылды

АСТАНА.KAZINFORM – ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады. 

Екі облыста жол жабылды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

2026 жылғы 04 наурыз сағат 00:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:

 Ақтөбе облысы:

 - «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» (KAZ10) автожолының 526–702 шақырым аралығы (Маржанбұлақ ауылы – Батыс Қазақстан облысы шекарасы). - «РФ шекарасы (Жайсан БӨП) – Ақтөбе – Қызылорда – Алматы – ҚХР шекарасы (Нұр Жолы БӨП)» (KAZ06) автожолының 22–99 шақырым аралығы (Эко Ойл жанармай құю станциясы – Жайсан өткізу пункті, Ресей шекарасы).

 Батыс Қазақстан облысы: - «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» (KAZ10) автожолының 393–526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы – Ақтөбе облысы шекарасы).

Жолды 2026 жылғы 04 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Айта кетелік 4 наурызда ауа райына байланысты ескерту жарияланған еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум