Екі облыста жолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздің солтүстігіндегі екі өңірде күн райының күрт өзгеруіне байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК.

2025 жылғы 25 ақпан сағат 00:10–да ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылады:
Ақмола облысы:
— «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» 856-915 шақырым аралығы (СҚО шекарасы — Жақсы ауылы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
— «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» 846-856 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Тахтаброт ауылының бұрылысы).
Айта кетейік, жолды 2025 жылғы 25 ақпан сағат 08:00–де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұған дейін хабарланғандай, еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.