Екі облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізіледі
АСТАНА. KAZINFORM - 22:30 - да күннің бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылмақ.
Ақтөбе облысы:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автомобиль жолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі («ЭКО ойл» ЖҚС – Қызылорда облысының шекарасы);
Қызылорда облысы:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).
Жолдарды 2026 жылғы 31 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Осыған дейін Өскеменде қоғамдық көлікке қатысты мәселелер туралы жазған едік.