Екі облыстың ауруханалары зиянды медициналық қалдықтарды дұрыс жоймаған
Алматы облысы Қаратал ауданы прокуратурасы «А, Б» санаттарындағы адам өмірі мен қоршаған ортаға қауіпті медициналық қалдықтарды зарасыздандыру және жою кезінде ереже талаптары сақталмағанын анықтады, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл заңбұзушылықтар Бастөбе ауылдық округіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны маңында тіркелді.
Осы жерде Алматы мен Жетісу облыстарының денсаулық сақтау мекемелері медициналық қалдықтарын төгіп, заңсыз жинаған.
Табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес, медициналық қалдықтарды полигонда зарасыздандыруға тыйым салынған және ол үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (ӘҚБтК 344-бап) .
Қатысы бар тұлғаларды анықтау және оларға қатысты процессуалдық шешім қабылдау үшін аталған дерек Қаратал ауданының полиция бөлімінде тіркелді.
Қазіргі уақытта тексеру жалғасып жатыр.