04:55, 13 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Екі өңірде жол ашылып, көліктердің жүруіне рұқсат берілді
АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол Жамбыл мен Алматы облысында жол учаскелерінің ашылғанын хабарлады.
2025 жылғы 13 желтоқсан сағат 04:00–де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс ашылады.
Жамбыл облысы
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 2005-2214 шақырым аралығы (Қарағанды о. шекарасы — Алматы о. шекарасы)
Алматы облысы
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 2214-2380 шақырым аралығы (Жамбыл о. шекарасы — Күрті ауылы)
Айта кетейік, тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласып, қосымша ақпарат алуға болады.
Бұған дейін Абай облысының полицейлері 100-ден астам көліктен тұратын автотізбекке жол көрсеткенін жаздық.