Екі өңірдегі жолдарда көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM — 27 қарашада Ақтөбе және Атырау облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты жүк көліктерінің, қоғамдық көліктің және жазғы дөңгелекпен жүрген автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.

Екі өңірдегі жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: Kazinform/ЖИ

«ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, шектеу 26 қараша сағат 19:00–ден бастап республикалық маңызы бар төрт жол учаскесінде күшіне енеді.

Ақтөбе облысында:

  • «РФ шекарасы — Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау» автожолының 11–337-шақырымы (Ақтөбе қаласынан Атырау облысының шекарасына дейін);
  • «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 24–108-шақырымы (Маржанбұлақ ауылынан Қобда ауылына дейін);
  • «Ақтөбе — РФ шекарасы» автожолының 39–136-шақырымы (Ш. Қалдаяқов ауылынан Әлімбет өткізу пунктіне дейін).

Атырау облысында:

  • «РФ шекарасы — Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау» автожолының 337–346-шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасынан Сағыз ауылына дейін).

Жолдағы шектеулерді 27 қараша сағат 08:00–де алу жоспарланған.

Республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығы арқылы білуге болады.

Еске салайық, бұған дейін Астанада және Ақмола облысында кешке қарай көктайғақ болуы мүмкін екенін жазған едік.