Екі жылда 23 есірткі зертханасы жойылды

АСТАНА. KAZINFORM – Соңғы 2 жылда елімізде 123 есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

Алматыда синтетика өндірумен айналысқан есірткі зертханасы анықталды
Фото: polisia.kz

Биыл 9 айда есірткіге қатысты қылмыс жасағаны үшін ішкі істер органдарының 12 қызметкеріне айып тағылды

«Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар есірткі бизнесінің ұйымдасқан түрлерімен күресуге ерекше көңіл бөледі. Мәселен, 2 жылдың ішінде 123 есірткі зертханасы жойылды. Оның 72-сі биылғы жылдың 9 айында ғана, 14 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Оның 2-еуі – трансұлттық», - деді Үкімет басшысы жауабында.

Премьер-Министр ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында есірткіге қатысты қылмыс жасау фактілерін жоққа шығару мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске аясында тиісті жұмыс істеп жатқанын айтады.

«Сонымен қатар есірткіге қатысты қылмыс жасағаны үшін ішкі істер органдарының 24 қызметкеріне (2023 жылы – 12, 2024 жылы 9 айда – 12) айып тағылды», - деді Олжас Бектенов.

Соңғы жаңалықтар