Екі жылда елдегі бидай алқаптары 750 мың гектар кеміген
АСТАНА. KAZINFORM — Биыл шаруалар егіс алқаптарына 1,5 млн тонна тыңайтқыш сепкен. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров осындай деректер келтірді.

— Биыл жалпы егіс алаңы 23,7 млн гектар болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Соның ішінде 2 жылда бидай алаңдары 750 мың гектарға қысқартылды, — деді министр.
Оның айтуынша, мұның есесіне майлы дақылдар мен азық дақылдары сияқты табысы жоғары, сұранысқа ие дақылдардың алқаптары кеңейтілген.
— Бүгінгі таңда шаруалар 1,5 млн тонна минералды тыңайтқыш пайдаланды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 500 мың тоннаға артық.
Осы қарқынды сақтау үшін ағымдағы жылы егіс жұмыстарын жеңілдікпен қаржыландыру көлемі «таза» 5% жылдық мөлшерлемемен 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, — деді Айдарбек Сапаров.
Еске салсақ, Kazinform тілшісі ғаламдағы экономикалық ахуал астық экспорты мен Қазақстан экономикасына қалай әсер ететінін талдап жазған еді.