Екатерина Смолякова Мәжіліс депутаты ретінде ант берді

АСТАНА. KAZINFORM –   Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Екатерина Смолякова депутат ретінде ант берді.

Екатерина Смолякова Мәжіліс депутаты ретінде ант берді
Фото: Мәжіліс

ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Е.Смоляковаға берілді.

- Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант беремін, - деді Е.Смолякова.

Сонымен қатар ол Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.

Еске салсақ, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Руслан Берденовтің депутаттық өкілеттігі тоқтатылды.

Бельгияда Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған арнайы радиобағдарлама эфирге шықты
Ұқсас жаңалықтар

Бельгияда Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған арнайы радиобағдарлама эфирге шықты