«Екатеринбор-Алматы» күре жолында жүк көлігі БТР-мен соқтығысып, салдарынан үш әскери қызметкер зардап шекті

«Жол-көлік оқиғасы 29 мамыр күні сағат 08.20-да орын алған. Ақмола облысының аумағындағы «Екатеринбор-Алматы» тас жолында жүк көлігі мен БТР соқтығысқан. Жол апаты салдарынан үш әскери қызметкер жеңіл жарақаттар алып, Астана қаласының бірінші ауруханасына жеткізілді», - деді «Орталық» аймақтық командованиесі баспасөз қызметінің бастығы Қанат Дос.
Оның айтуынша, арасында БТР болған 8 әскери көліктердің колоннасы Аршалы кентіндегі тактикалық-арнайы оқуларға бара жатқан. БТР Астанада орналасқан 6636 әскери бөлігінің иелігінде.
Алдын ала болжам бойынша, апатқа жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі болды.
«Колоннамен бірге басқа көліктер еріп келе жатты. Қарсы бағыттағы көліктер оңға алып, тоқтауы тиіс болды. Бірінші жеңіл автомобиль, оның артында Shachman жүк көлігі келе жатқан. Жеңіл көлік тоқтады, жүк көлігі болса, оны соқпау үшін жолдың қарсы жолағына шығып, онда БТР-мен бүйірінен соқтығысты», - деп түсіндірді жол апатының жағдайларын Қ.Дос.