19:28, 16 Ақпан 2016 | GMT +5
Екатеринборда «Біз миллиондаған панфиловшылармыз» еске алу шарасы өтті (ФОТО)
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бүгін Екатеринборда кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков ескерткішінің маңында «Біз миллиондаған панфиловшылармыз» еске алу вахтасын тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінен хабарлады.

Халықаралық еске алу вахтасы 2015 жылдың қазанында Орынборда басталды. Кейін Челябі, Новосібір және Алматыға жол тартты. Алматыда туды Екатеринборға атақты 316-шы атқыштар дивизиясының командирі Иван Васильевич Панфиловтың немерелері тапсырды.
Екатеринбор - вахтаға қатысып отырған бесінші қала. Ол 2016 жылдың күзінде Мәскеуде аяқталады.
Шара аясында «Ресейдің іздеу қозғалысы» жалпыресейлік қозғалысының Свердлов өңірлік бөлімшесінің басшысы Татьяна Хардина 1919 жылы туған Петр Ябековтың сарбаздық медальоны мен мұрағат құжаттарын туыстарына тапсырды. Оның мәйітін Тверь облысы Ржев ауданы Соломино ауылында «Победа» іздеу жасағы тапты.