11:15, 11 Қараша 2013 | GMT +5
Екатеринбургте Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан-Ресей 10-шы өңіраралық мерейтойлық форумына қатысады
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Екатеринбургте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Қазақстан-Ресей 10-шы өңіраралық мерейтойлық форумы өз жұмысын жалғастырады. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Өткен брифингте атап өткенімдей, Форумның басты оқиғасы - бұл мемлекет басшыларының Қазақстан мен Ресей арасында ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастықтың жаңа негізін қалаушы шартқа қол қоюы болып табылады»,-деді ресми өкіл. Бұдан бұрын хабарланғандай, Екатеринбургтегі мерейтойлық форум мен көрмеге Қазақстан мен Ресей Президенттерімен қатар екі мемлекеттің Үкімет мүшелері, министрлері, шекаралық аймақтардың әкімдері мен губернаторлары, сонымен қатар бизнес өкілдері қатысады.