Екібастұз маңында екі адам иіс тиіп қайтыс болды

Қайғылы оқиға Төртүй ауылында болған. Ер адам түнде пеш жағып, жапқышты ашуды ұмытып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

улану
Фото: ҚазАқпарат

Абайсыздық қайғылы оқиғаға әкелді. Келесі күні екі ер адам да өлі күйінде табылды.

— 3 қазан күні 11.30-да ПД кезекшісінен Екібастұздағы ауылды жерде жер үйде 1959 және 1986 жылы туған екі адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат түсті, — деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖ департаменті.

Сараптама тағайындалды. 

Болжам бойынша, өлімге газдан улану себеп болған.

Соңғы жаңалықтар