Екібастұзда балық аулауға шыққан ер адам суға батып кетті
ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Оқиға Екібастұз қаласы маңында, 7-8-ші сорғы ауданында болған. Ер адам абайсызда мұз жарығына түсіп кетіп, көз жұмды деген болжам бар.

Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«28 наурыз күні сағат 17.55-те-де Екібастұз қаласында, 7-8-ші сорғы ауданында 1951 жылғы азамат жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Ол соңғы рет сағат 12.00-де байланысқа шыққан. Арада біраз уақыт өткен соң немересі оның көлігін су қоймасының жағасынан тапты. Бүгін таңертең 5 құтқарушы іздеу-құтқару жұмыстарына кірісті. Олар балықшының мүрдесін судан алып шықты», деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Екібастұзда балық аулауға шыққан екі адам көлікпен мұз астына түсіп кетіп, мерт болды.