Екібастұзда қазақтың салт-дәстүрін насихаттайтын «Шаңырақ» этноқалашығы іске қосылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Биыл жазғы уақытта «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің аумағында оқушылар қазақ халқының бай мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысады. Мұнда жазғы уақытта жұмыс істейтін этноқалашық ашылды.

алтыбақан
Фото: Павлодар облысы білім басқармасы
киіз үй
Фото: Павлодар облысы білім басқармасы

«Шаңырақ» этноқалашығы — қаланың № 7, 16, 18, 22, 25, 33 орта мектептерінің аумағында орналасқан, алты киіз үйден тұратын кешен.

жіп иірген апалар
Фото: Павлодар облысы білім басқармасы

Этножоба Достық үйі, «Атамұра» мекемелерінің, қалалық өлкетану музейі, жастар бастамаларын дамыту орталығы және «Екібастұз» ҚБҚ ұйымының қолдауымен іске асты.

киіз үй
Фото: Павлодар облысы білім басқармасы
өнер
Фото: Павлодар облысы білім басқармасы

— Этноқалашық аясында қазақтың қолөнері, музыка, би және аспаздық өнері бойынша шеберлік сабақтары өткізіледі. Балалар интерактивті аймақтар, көрмелер мен шеберлік сабақтар арқылы қазақ халқының дәстүрлерімен, қолөнерімен танысады. Балалар дәстүрлі қазақ ойындарын ойнап, сайыстарға қатысады, таза ауада алтыбақан теуіп, ұлттық тағамдардан дәм татып, уақытын тиімді өткізеді, — дейді Екібастұз қалалық білім бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова.

салт дәстүр
Фото: Павлодар облысы білім басқармасы
тоғызқұмалақ
Фото: Павлодар облысы білім басқармасы

Жоба қаланың білім мекемелерінің 4-6 сынып оқушыларына арналған, жалпы саны 600 баланы қамтиды.

әже
Фото: Павлодар облысы білім басқармасы
этноауыл
Фото: Павлодар облысы білім басқармасы

Еске сала кетейік, биыл елімізде 3 млн-ға жуық оқушы жазғы демалысын лагерьде өткізеді.  

мәдениет
Фото: Павлодар облысы білім басқармасы
асық
Фото: Павлодар облысы білім басқармасы
салт дәстүр
Фото: Павлодар облысы білім басқармасы
дәстүр
Фото: Павлодар облысы білім басқармасы
этноауыл
Фото: Павлодар облысы білім басқармасы
киіз үй
Фото: Павлодар облысы білім басқармасы

 

Соңғы жаңалықтар