Екібастұзда медицина қызметкерлері жеткенше әйел қызын үйде босандырып алған

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Салмағы шамамен 3 келі, бойы 50 см қыз бала дүниеге аман-есен келген. Жедел жәрдем ана мен баланы перзентханаға жеткізді.

 Пенсильваниялық нәресте ДНҚ-сын өзгерткен әлемдегі алғашқы науқас болды
Фото: freepik.com

Екібастұз қаласында анасы өз қызын үйде босандырып алуға мәжбүр болған.

- Таңғы сағат 06:05-те 103 пультіне шұғыл қоңырау түсті. Шақыртудан кейін бес минут ішінде медицина қызметкерлері оқиға орнына жетті. Дей тұрғанмен жедел жәрдем жеткенше салмағы шамамен 3 келі, бойы 50 см қыз бала дүниеге келген. Белгілі болғандай, әйелді анасы босандырып алған. Жылулық тізбекті сақтай отырып, медициналық бригада ана мен жаңа туған сәбиді тұрақты жағдайда қалалық перзентханаға жеткізді, - деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасынан.

Дәрігерлер медициналық мекемеден тыс жерде босану сәтті өткенімен де ана мен бала үшін көптеген қауіп-қатерге толы екенін айтады.

- Үй жағдайында асқыну туындаған кезде білікті медициналық көмек көрсету іс жүзінде мүмкін емес. Оның үйде босануға қажетті тазалыққа талапқа сай бола бермейді. Сондықтан болашақ аналарды өз денсаулығы мен сәбиінің өмірін қатерге тікпей, босану үдерісін мамандандырылған стационарларда кәсіби мамандарға сеніп тапсырғаны дұрыс, – дейді облыстық 103 стансасы басшысының орынбасары Ирина Мищенко.

Еске сала кетейік, Павлодарда жүкті әйелдерге арналған пансионат ашылды. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум