Екібастұздағы Шандақсор көліне 16 жастағы жасөспірім батып кетті

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Жасөспірімнің денесін іздеуге өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды. 

Екібастұздағы Шандақсор көліне 16 жастағы жасөспірім батып кетті
Фото: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті

Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентіндегі Шандақсор жасанды көлінде 4 шілде күні сағат 16.10 шамасында 2009 жылы туған жеткіншек суға батып кеткен.

- Жасөспірім тыйым салынған жерде суға түскен. Қазіргі уақытта іздеу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Оқиға орнына Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының күштері - 6 қызметкер, 2 бірлік техника, 2 жүзу құралы, сондай-ақ эхолот жеткізілді. Қолайсыз ауа райы, атап айтқанда екпінді жел мен көл бетіндегі үлкен толқындар іздеуге кедергі келтіріп тұр. Соған қарамастан сүңгуірлер жұмыстарын тоқтатқан жоқ, - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдай қызметінің мамандары жабдықталмаған жерлерде шомылу өте қауіпті екенін ескертеді. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау – адам өмірі мен денсаулықты сақтаудың кепілі.

Еске сала кетейік, Павлодарда каналға шомылуға барған жасөспірім суға батып кетті. 

Соңғы жаңалықтар