Екібастұздың бас көшесіндегі құбырдан ыстық су атқылады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Екібастұз қаласында магистральдық және квартал ішіндегі жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізілген. Олардың беріктігі мен тығыздығы тексеріліп, салдарынан көшелердің бірінде «субұрқақ» атқылай бастаған. 

екібастұз жылу
Фото: Валерий Бугаев

Куәгерлер мұны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді.

«426 диаметрлі жылу желісі зақымданды. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Екібастұз жылу желілері» кәсіпорнының директоры Евгений Банченко.