20:32, 03 Маусым 2015 | GMT +5
ЕҚДБ Астана әуежайын жаңғыртуға 8,5 млрд. теңге қаражат бөледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Астана әуежайы мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) арасында «Астана қаласы әуежайының қону және ұшу алаңын жаңғырту» инвестициялық жобасын жүзеге асыруға 8,5 млрд. теңге көлеміндегі сомаға несиелік келісімшарт жасалды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

Маңызды құжатқа Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Жауханов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның вице-президенті Бауыржан Орынбасаров қол қойды. Несиелік келісім 15 жылға, үш жылдық жеңілдікпен жасалды. Жоба «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылып отырған ұлттық маңызды жобалардың бірі болып табылады.