18:31, 28 Наурыз 2013 | GMT +5
ЕҚДБ - Астана экономикалық форумының жаңа серіктесі
АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - «Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы» қауымдастығы Еуропа қайта құру және даму банкі өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды клуб баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында ЕҚДБ өкілдеріне VI Астана экономикалық форумы мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференциясының (ДДК) бағдарламасы таныстырылды. Сонымен қатар «Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы» қауымдастығы мен Еуропа қайта құру және даму банкі арасындағы өзара ынтымақтастық талқыланды. Атап айтқанда, Еуропа қайта құру және даму банкі VI Астана экономикалық форумының экономикалық әртараптандыруға қатысты сессияларының біріне тең ұйымдастырушысы ретінде қатысады.